Біз туралы

     “Көктем” ЖШС 1999 жылдан бері Қазақстанның парфюмер-косметикалық нарығында жұмыс істеп келеді. Компанияның қызметі космитика мен тұрмыстық химияның ресейлік, украиндық, түріктік, белорусстік, поляктық өндірушілерінің өнімдерін дистрибуциялаумен қорытындыланады. Біздің компанияның қазіргі таңда Алматы қаласында, Талдықорған қаласында және Алматы облысында, Қарағанды қаласында және Қарағанды облысында, Шымкент қаласында және Оңтүстік Қазақстан облысында, Астана қаласында және Ақмола облысында, Өскемен қаласында, Семей қаласында және Шығыс Қазақстан облысында, Тараз қаласында және Жамбыл облысында, Павлодар қаласында және Павлодар облысында, Петропавловск қаласында және Солтүстік Қазақстан облысында, Қостанай қаласында және Қостанай облысында, Қызылорда қаласында және Қызылорда облысында көп деңгейлі өткізу желісі бар. 2015 жылы Ақтөбе қаласында филиал ашуды жоспарлауда.

Барлық филиалдарда «Концерн «Калина» ААҚ, «Невская косметика» ААҚ, «Арнест» ААҚ мамандандырылған бөлімдері құрылған. Мамандандырылған бөлімдерді құру мен олардың жұмыс істеу мақсаты сату көлемін арттыру, мерчендайзингтің жоғары деңгейіне қол жеткізу және оны қолдау болып табылады. Сауда PRE-selling сату жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

2010 жылдан бері компания Мемлекеттік сатып алудың ресми сайтында тіркелген және Мемлекеттік мекемелерге, ауруханаларға, мектеп пен мектепке дейінгі мекемелерге жуғыш, тазалауғыш құралдарды жеткізуді жүзеге асырады. 2014 жылдан бері Мемлекеттік сатып алу жөніндегі департамент құрылған және халықты әлеуметтік қорғау мекемелеріне және емдеу мекемелеріне ересектер мен балалардың жаялықтарын жеткіземіз. Мемлекеттік сатып алу бойынша тауарды жеткізу жөніндегі міндеттемелер шарттың талаптарын қатаң сақтай отырып жүзеге асырылады. Ынтымақтастықта болу мақсатында, компания тауарлардың үлгілерін, сондай-ақ ұсынылатын тауардың толық техникалық сипаттамасын ұсынуға дайын. Компания тауар сапасының МЕМСТ-ң барлық стандарттары мен талаптарына сәйкес келуіне кепілдік береді, сондай-ақ өнімнің сапасы туралы клиенттердің ресми пікірлерін ұсынуға дайын.

Қазіргі уақытта “Көктем” ЖШС Қазақстан бойынша барлық ірі сауда желілеріне, оның ішінде Magnum, Metro-ға өнімдерді жеткізуші болып табылады. Біздің компанияның дистрибьюторлық қызмет көрсету аумағында Қазақстан халқының 85%-ы өмір сүреді.Risunok1

 Қазіргі кезде “Көктем” ЖШС келесі ірі өндірушілердің ресми дилері болып табылады:

«Невская косметика» ААҚ, Санкт – Петербург қаласы. Оның ең танымал брендтері «Ушастый Нянь», «Обычный», «Сарма», «Ворсинка» кір жуу ұнтақтары; «Ушастый нянь», «Сарма», «Дегтярное», «Невское», «Дивный сад», «Цветы любви», «Банное» және т.б. хош иісті сабындары болып табылады.

logoHAYAT Kimya Sanayi A.S., Түркия, гигиена құралдарының (Joly, Evony ересектер жаялықтары және Molped әйелдер төсемі), тұрмыстық химия (Bingo маркалары), балалардың күтіміне арналған құралдар (Molfix жаялықтары мен балалар майлықтары), қағаз өнімдері (Papia, Familia) өндірісінде маманданған ірі түрік компаниясы.

logo“Арнест” ААҚ Невинномысск қаласы – Ресейдің аэрозольдық бизнесінің көшбасшысы. Келесі топтар бойынша 300-ден аса өнімнің атауымен шығарылады: шаш күтіміне арналған құралдар (“Прелесть” лактары, мусстары, сусабындары, кондиционерлері), балалар косметикасы, тазалағыш және жуғыш құралдар, мата күтіміне арналған құралдар (шайғыштар, тұрақтылыққа қарсы құралдар), “Симфония” сериялы ауа сергіткіштері, автокосметика, инсектицидтар мен репелленттер.

pravka_logo_4«Ступинский химический завод» ЖАҚ, Мәскеу облысы, Ступино қаласы, синтетикалық жуу құралдарының ауқымды түрлерін өндіруші. Негізгі брендтері – “Sanita”, “Sanfor”,”Мистер Кряк”, «Чистин», «5+».

gsk-logoГлаксоСмитКляйн Консьюмер Хелскер Сп.Зо.о., Ұлыбритания – жоғары сапалы профилактикалық және емдеу тіс пасталары, тіс шөткелері мен СМ «Аквафреш», СМ «Parodontax», СМ «Sensodyne» ересектер мен балаларға арналған ауыз қуысының күтіміне байланысты құралдар.

logo«Бумфа Групп» ЖШҚ, Новочеркесск қаласы. Санитарлық-гигиеналық мақсаттағы қағаз бен мата емес материалдардан жасалған бұйымдардың Ресейдегі ірі өндірушісі. Негізгі брендтері – Premial және Amra (қағаз бет орамалдары, қағаз майлықтар, ылғалды майлықтар, шаруашылық мақсаттағы майлықтар, автомобиль күтіміне арналған майлықтар).

logosm“Слобожанский мыловар” ЖШҚ, Харьков қаласы. СМ «Шик», «Седьмое небо» хош иісті сабынның СМ «Друг» кір сабынның 30-дан аса түрін щығаратын сабын қайнатушы зауыт.

logoBelkosmex, Минск қаласы. Белкосмекс косметикасы әлемнің барлық түкпірінен жеткізілетін экологиялық таза шикізаттың негізінде әзірленеді. Белкосмекс компаниясының барлық өнімдері міндетті түрде гигиеналық көрсеткіштердің мемлекеттік тіркеуінен өтеді, бұл экологиялық тазалығы мен оның өнімінің сапасына деген толық сенімділікті көрсетеді.