Өндірушілер

Қазіргі кезде “Көктем” ЖШС келесі ірі өндірушілердің ресми дилері болып табылады:

«Невская косметика» ААҚ, Санкт – Петербург қаласы. Оның ең танымал брендтері «Ушастый Нянь», «Обычный», «Сарма», «Ворсинка» кір жуу ұнтақтары; «Ушастый нянь», «Сарма», «Дегтярное», «Невское», «Дивный сад», «Цветы любви», «Банное» және т.б. хош иісті сабындары болып табылады.

logoHAYAT Kimya Sanayi A.S., Түркия, гигиена құралдарының (Joly, Evony ересектер жаялықтары және Molped әйелдер төсемі), тұрмыстық химия (Bingo маркалары), балалардың күтіміне арналған құралдар (Molfix жаялықтары мен балалар майлықтары), қағаз өнімдері (Papia, Familia) өндірісінде маманданған ірі түрік компаниясы.

logo“Арнест” ААҚ Невинномысск қаласы – Ресейдің аэрозольдық бизнесінің көшбасшысы. Келесі топтар бойынша 300-ден аса өнімнің атауымен шығарылады: шаш күтіміне арналған құралдар (“Прелесть” лактары, мусстары, сусабындары, кондиционерлері), балалар косметикасы, тазалағыш және жуғыш құралдар, мата күтіміне арналған құралдар (шайғыштар, тұрақтылыққа қарсы құралдар), “Симфония” сериялы ауа сергіткіштері, автокосметика, инсектицидтар мен репелленттер.

pravka_logo_4«Ступинский химический завод» ЖАҚ, Мәскеу облысы, Ступино қаласы, синтетикалық жуу құралдарының ауқымды түрлерін өндіруші. Негізгі брендтері – “Sanita”, “Sanfor”,”Мистер Кряк”, «Чистин», «5+».

gsk-logoГлаксоСмитКляйн Консьюмер Хелскер Сп.Зо.о., Ұлыбритания – жоғары сапалы профилактикалық және емдеу тіс пасталары, тіс шөткелері мен СМ «Аквафреш», СМ «Parodontax», СМ «Sensodyne» ересектер мен балаларға арналған ауыз қуысының күтіміне байланысты құралдар.

logo«Бумфа Групп» ЖШҚ, Новочеркесск қаласы. Санитарлық-гигиеналық мақсаттағы қағаз бен мата емес материалдардан жасалған бұйымдардың Ресейдегі ірі өндірушісі. Негізгі брендтері – Premial және Amra (қағаз бет орамалдары, қағаз майлықтар, ылғалды майлықтар, шаруашылық мақсаттағы майлықтар, автомобиль күтіміне арналған майлықтар).

logosm“Слобожанский мыловар” ЖШҚ, Харьков қаласы. СМ «Шик», «Седьмое небо» хош иісті сабынның СМ «Друг» кір сабынның 30-дан аса түрін щығаратын сабын қайнатушы зауыт.

logoBelkosmex, Минск қаласы. Белкосмекс косметикасы әлемнің барлық түкпірінен жеткізілетін экологиялық таза шикізаттың негізінде әзірленеді. Белкосмекс компаниясының барлық өнімдері міндетті түрде гигиеналық көрсеткіштердің мемлекеттік тіркеуінен өтеді, бұл экологиялық тазалығы мен оның өнімінің сапасына деген толық сенімділікті көрсетеді.