Белкосмекс

9

Белкосмекс компаниясы 1995 жылы өзінің бет, дене және шаш күтіміне арналған құралдарын  алғаш рет нарыққа ұсынды. Содан бері Белкосмекс атауы тұтынушылардың есінде косметиканың өзгеріссіз жоғары сапасы болып берік қалыптасты.

30-дана аса шетел фирмалары, оның ішінде Symrise, Clariant GmbH, ISP, BASF жер шарының түрлі бұрыштарынан – Германия, Франция, АҚШ, Жапониядан экологиялық таза шикізатты жеткізеді. Дайын өнім міндетті мемлекеттік гигиеналық тіркеуден, сертификаттаудан өтеді. Бұдан басқа, екі өзіндік зертханасы түржиынды жедел түрде жаңартуға және шығарылатын өнімнің сапасын тұрақты бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Өз өнімдеріне деген тұтынушылардың ынта-тілектерін барынша ескере отырып, компания косметикалық құралдардың толық қатарын әрі ең жас бойжеткендер үшін, әрі жас келіншектер үшін, әрі қартаң және талап ететін терісі бар әйелдер үшін шығарады.

Отандық нарықта Белкосмекс атты Беларусь косметикасы пайда болғалы бері оның атауы тұрақтылықтың атауы және денсаулық үшін жоғары сапа мен қауіпсіздіктің куәлігі болды. Белкосмекс косметикасы жер шарының барлық түкпірінен жеткізілетін экологиялық таза шикізаттың негізінде әзірленеді. Белкосмекс компаниясының барлық өнімдері міндетті тәртіпте гигиеналық көрсеткіштердің мемлекеттік тіркеуінен өтеді, бұл оның өнімдерінің сапасы мен экологиялық тазалығына толық сенімділік сыйлайды. Белкосмекс компаниясы өз клиенттерінің ынта-тілектері мен пікірлерін ескере отырып, өзінің космиетикалық желісін жыл сайын жетілдіріп отырады.

Өнім:

Mirielle — терінің табиғи функцияларын қалпына келтіретін, оны қоршаған ортаның түрлі жағымсыз әсерлерінен қорғайтын, оның саулығын, жұмсақтығын және икемділігін сақтайтын бет терісінің күтіміне арналған жоғары тиімді кремдер.Без имени

Без имени

«Caprice» желісінің жаңа косметикалық өнімдері қол мен аяқ терісін жұмсақ, нәзік және мақтануға лайықтай етуге көмектеседі. Қол терісін дұрыстап күту түрлі кремдерді пайдаланбаса дұрыс болмайды. Сондықтан да қолға арналған кремдер ең сұранысқа ие косметикалық кремдердің бірі болып табылады. Аяқ терісін күту де маңызды және ерекше көңіл мен уақыт бөлуді қажет етеді. Аяқтағы тері тез құрғап кетеді және жеткілікті күтім жасамаса жарылу мен мүйізгектердің пайда болуына әкеліп соғады.

Royal Orchid — 45 жастан кейін тері күтіміне арналған косметикалық желі. Осы желінің барлық өнімдерінің құрамында инновациялық биоактивті ингредиенттер бар, олар коллаген синтезін ынталандыра отырып, жасуша деңгейінде терінің құрылымын қалпына келтіріп қана қоймай, сонымен қатар ылғалдылықтың оңтайлы деңгейін ұстап тұрады, әжімдерді тегістеп, беттің түсін реттей отырып, қажетті нәрлендіргіш заттармен байытады.Без имени

Gold Collagen желісі Acacia CollagenTM негізінде теріге қарттыққа қарсы тиімді күтім жасауды қамтамасыз етеді. Табиғи коллагеннің қасиеттері бар осы өсімдікті кешен әжімдерге шешімді түрде «жоқ» деп айтуға көмектесді. Әдемі және пайдалы сенегальды акациядан жасалған Acacia CollagenTM терінің микроқұрылымын жақсартады және әжімдердің пайда болуын ескртеді, теріні жұмсақ, қуатты, сау етеді және жарқыратады.

Без имени

Hialuron+ желісі бет терісіне жан-жақты күтім жасауды қамтамасыз етеді. Сіз одан әрі тазартушы құралды, әрі көздің айналасындағы терінің күн сайынғы күтіміне арналған және терінің жас ерекшелікті қажеттіліктерін ескеретін бетке арналған кремдерді таба аласыз. Hialuron+ желісі өнімдерінің құрамында натрий гиалуронаты бар. Ол туынды гиалурон қышқылы – косметикалық индустрияның негізгі ылғалдаушы ингредиенті және адам терісінің жасушадан тыс матриксінің табиғи компоненті.

Без имени

Домашний косметолог маскалары мен сарысуының көмегімен Сіз өз теріңіздің күйзелістермен күн сайын күресуіне көмектесесіз. Олар: күннің зиянды әсері, қала көшелерінің ластануы және кеңседегі ауының құрғақтығы, температураның өзгеруі және жүйке артық салмақ түсу. Сарысуларды әрі қартаң, әрі жастық шақта, нашар экология, күйзелістер, терінің «шаршау» кезінде қолдану ұсынылады. Кремді бірнеше күн қолданғаннан кейін ғана болатын нәтижені сіз сарысудың бар болғаны бір тамшынан ала аласыз.

Без имени

Teebaum — бұл биология және косметология саласындағы жаңа зерттеулерді ескере отырып әзірленген, күрделі терінің күн сайынғы күтіміне арналған жүйе. Teebaum косметикасы күрделі теріні мұқият қорғайды, оны сауықтырады және абсолютті ыңғайлық сезімін сездіреді. Желінің барлық препараттарының негізінде – австралиялық шәй ағашының эфир майы бар (TEEBAUM – неміс тілінен аударғанда шәй ағашы дегенді білдіреді) – бүгінгі күні қабынуға қарсы, тыныштандыратын, жараны жазатын, реттейтін әсері бар танымал табиғи өсімдікті заттардың ішіндегі ең тиімдісі.

Без имени

Herbs&Spices сусабындары мен кондиционерлері шашқа жібектік пен табиғи жарқыл береді, тез таралады, ал тамаша хош иісі ароматерапиялық түрде әрекет етеді.   Herbs&Spices желісі рецептурасының негізінде шаштың кез келген түріне толыққанды күтім жасауды қамтамасыз ететін табиғи шөптер мен шығыс дәмдеуіштерінің сығындылары бар. Сізге тек өз қалауыңызға қарай құралды таңдасаңыз болғаны. Біздің жаңа өнімдер құрғақтық пен тітіркендіруді болдырмай, шашты мұқият тазартады, оларды түсуден және сынудан тиімді сақтайды және бекітеді, шаш түйінін қарқынды нәрлендіруді қамтамасыз етеді.

Без имени

Табиғаттың таңғажайып рецептері біздің мамандардың жоғары технологиялық туындыларымен үйлесе келе, От природы атты шаш күтіміне арналған жаңа желінің пайда болуына негіз болды. От природы сусабындары мен кондиционерлері бас терісіне шынайы рахат сыйлайды, мұқият тазартады және шашты қалпына келтіреді, ал қайталанбас хош иістері күнделікті күйбең тіршілікті ұмытуға көмектеседі және тамаша көңіл-күй сыйлайды!

Без имени

Секреты природы — бұл табиғи жемістер мен көкөністер шырындарының, сүт протеиндерінің, бидайдың өсірілген дақылдарының сығындыларының, пияздың, балдың және сыра ашытқысының негізінде жасалған «барлық отбасы үшін» орамындағы қымбат емес құралдар.

Без имени