Hayat Kimya

офис

HAYAT  FMCG тауарлардың әлемдік нарығындағы жетекші ойыншылардың бірі болып табылады және бүкіл әлемдегі тұтынушылар үшін жоғары сапалы брендтер ұсынады:

  • Тұрмыстық химия –Bingo және Testbingo_big_image
  • Балалар жаялықтары –Molfix
  • Гигиеналық төсемдер –Molped
  • Ересектерге арналған жаялықтар –Joly және Evony
  • Қағаз-гигиеналық өнім –Papia, Familia, Teno және Focus

Molfix балалар жаялықтары

molfix_big_imageMolfix-тің нәзік қамқоры – Сіздің балаңыз үшін ең үздігі.

Molfix — ылғалды тамаша сіңірумен қатар өзгеше жұмсақ және нәзік ішкі қабатының көмегімен баланың терісін тітіркендірумен күресетін жалғыз жаялық.

Molfix жаялығы баланы табиғи және барынша ыңғайлы ортамен қоршай отырып, мол ылғалды өте тез сіңіреді.

0001561_molfixMolfix жаялығының төменгі қабаты баланың денсаулығын сақтай отырып және бала терісінің баздануына кедергі келтіре оның терісіне ауа өткізеді.

Сенімді жапсырғыштары крем, ұнтақ және май тисе де өз қасиеттерін жоғалтпайды және бала терісінің жағдайын тұрақты түрде бақылап отыруға мүмкіндік береді.

Икемді бүйір манжеттері ылғалдың сыртқа ағуына кедергі келтіреді, ал жетілдірілген белдік жаялықты бала денесіне жеңіл бекітеді.

Ересектерге арналған жаялықтар

Төсек тартып жатқан науқас немесе зәр тоқтамау – бұл заманауи медицинаның елеулі мәселелерінің бірі. Қазіргі таңда аурудың түрлі деңгейін ұстай алмай зардап шегетін адамдарға арналатын ересектердің жаялықтары таптырмас көмек.

Joly

joly_big_image2013 жылы Hayat Kimya компаниясы жаңа технологияларды пайдалана отырып әзірленетін ересектерге арналған жаялықтардың жаңа санатының бағытында батыл қадам жасады. Зәр тоқтамау проблемалары бар адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін әзірленген икемді белдігі бар аталған жоғары сапалы өнім Түркия үшін жаңалық болды. Joly өнімінің түржиыны икемді бүйірі бар, ересектерге арналған Түркиядағы алғашқы және жалғыз жаялықтарды, ерлер мен әйелдерде зәр тоқтамаған кезде сіңірімді жөргектерді, шолақ дамбалдарды, төсемдерді, сондай-ақ екі түрлі өлшемді кереуеттерге арналған сіңірімді жаймаларды қамтиды. Ересектерге арналған Joly-дың барлық жаялықтары немістің дермотологиялық зертханаларында тестілеуден өткен және жоғары сыныпты сертификаттар алған.

Evony ересектерге арналған жаялықтар

evonyEvony ересектерге арналған жаялықтар мен Evony60x90 см бір реттік сіңірімді жөргектер медициналық мекемелерге арналған өнім болып табылады және науқастың күтімі бойынша алғашқы қажеттілікті қамтамасыз етеді. Evony ересектерге арналған жаялықтар жаялықтың ішкі қабатындағы сіңірімді арналар жүйесіне негізделген жоғары сіңірімді қабілетке ие. СМ Evony өнімі 3 өлшемді ересектерге арналған жаялықтармен – Medium, Large және Extra Large, сондай-ақ 60х90 см бір реттік сіңірімді жөргектермен ұсынылған.

Molped гигиеналық төсемдері

molped_big_imageMolped гигиеналық төсемдері 1999 жылы әйелдер арасында алғаш рет көрсетілген. Шығарылғаннан кейінгі алғашқы жылдары Molped бренді әрі ультражұқа, әрі мол шығатын сары су үшін төсемдердің осындай нұсқаларын ұсына отырып, өз ұстанымын бекітті. Түржиынына күн сайынғы төсемдерді қосқаннан кейін 2004 жылы Molped бренді тек ерекше күндері ғана емес, сонымен қатар күн сайын гигиенада әйелдер өмірінің ажырағысыз бөлігіне айналды.

“Ең жақсының бәрі Molped-пен” ұранына сәйкес бренд кез келген уақытта әйелдерге ең үздік сапаға уәде береді және оны бүкіл әлем бойынша 60 елге ұсынады.

Papia қағаз өнімі

Papia бренді 2006 жылы тұтынушыларға «Өйткені сіз ең жақсысына лайықсыз» деген ұранмен ұсынылған. papia_big_imageБрендтің мақсаты Түркиядағы қағаз майлықтардың ең жоғары сапасына қол жеткізу еді. Осы салада үнемі жаңа шешімдер таба отырып, бүгінгі күні Papia 3-қабатты сүлгі, 4 және 6 қабатты дәретхана қағазын, 4-түсті баспа қағаз сүлгіні және 6-түсті майлықтарды шығарады. Papia тек Түркиядағы ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемдегі тұтынушыларға екі жақты өрнектеу технологиясын ұсынған алғашқы бренд болды. Жоғары сапасы мен инновациялық өнімдерінің кең ауқымының арқасында Papia нарықты қалыптастыруды жалғастыруда.

HAYAT KIMYA өз өнімін 5 құрлықтағы 100-ден аса елге сатады және шамамен 10 000 қызметкері бар. Компания тренд-сеттер және балалар жаялықтары сегментіндегі әлемдегі 5-ші ірі өндіруші болып табылады. Қағаз-гигиеналық өнімдер өндірісіндегі инвестициялар HAYAT KIMYA-ның Еуропадағы ірі өндірушілердің бірі және Таяу Шығыс пен Балқандағы ең үлкен өндіруші болуына мүмкіндік берді.

Соңғы 7 жылда HAYAT KIMYA бүкіл әлем бойынша өз қызметінің ауқымды өктемдігін жүргізіп келеді, 2013 жылдың соңында Ресейде компанияның өкілдігі ашылған болатын. Қазіргі кезде HAYAT қағаз-гигиеналық өнімдер өндірісі үшін Ресейде өзіндік фабрика салуға үлкен инвестициялар жұмсауда.