Арнест
«Арнест» компаниясы — жоғары технологиялар, өндіріс көлемдері және өнімдерді өткізу саласындағы аэрозольдық бизнестің ресейлік көшбасшысы.
Компанияның тарихы
Компанияның тарихы 1971 жылы, яғни Невинномысский тұрмыстық химия зауыты ның «Прелесть» шашқа арналған лактың алғашқы топтамасын шығарған кезде басталды. Осы сәттен бастап косметика мен тұрмыстық химияны өндіру жөніндегі Ресейдегі ірі зауыттардың бірінің даму кезеңі басталды.
Алғашқы бес жылдың ішінде зауыт айналымын қарқынды түрде өсіріп, қуаттылығын көбейтті. Алғашқы шығарылған өнім дереу тұтынушылардың жүрегін жаулады. Әрбір әйел сәнді шаш үлгісін «Прелесть» деген лактың көмегімен жасайды. Сол кездерде ресейлік ұқсастығы жоқ «Дихлофос» жәндіктермен күресуде таптырмас көмекшіге айналды. Осы уақытқа дейін осы сауда маркалары ресейлік нарықта өз санаттарындағы көшбасшылардың үштігіне кіреді.
1993 жылы маңызды оқиға орын алды. Ол – тұрмыстық химия зауытын акционерлеу. Нәтижесінде АэРозоли – Невинномысск – Ставрополье сөздерінің бірігуінен зауытқа «Арнест» ААҚ деген әдемі атау берілді.
XXI ғасырдың басында зауыт толықтай техникалық тұрғыда жабдықталып, ISO 9001-96 сапаса сертификатын алды, полимерлі орамда өнімдерін шығара бастады және ұлтаралық ккомпания үшін алғашқы келісімшарттық өнімді – шашқа арналған лакты шығарды.
2002 жылы миллиардтаған баллон шығарғанын атап өтті. Осы жылы бизнес қайта құрылымдалып, сауда бөлімін ұйымдасқан түрде жекелеу үшін «Арнест» сауда үйі құрылды.
Екі жылдан соң 2004 жылғы наурыз айында Директорлар кеңесінің шешімі бойынша «Арнест» ААҚ-ның бизнесін сауда-маркетингтік және өндірістік деп екі бағытқа бөлу орын алды. Осы мақсатта «Арнест» компаниясы» ашық акционерлік қоғамы құрылады, оның құрылымына «Арнест» ААҚ-ның маркетинг бөлімі өтті. Сондай-ақ «Арнест Сауда Үйі» ЖШҚ басқарушы ұйымының
функциялары да жаңа компанияның қолына берілді.
2007 жылы Новомосковскідегі зауытты – «Аэрозоль Новомосковск» ЖШҚ-ны сатып алады, бұл бизнесті дамытуға жаңа серпін берді және бірыңғай тиімді өндірістік және маркетингтік құрылымды құрды, екі компанияның бәскелестік ұстанымдарын нығайтты.