Невская косметика

Без имени

«Невская Косметика» компаниясы туралы

un_5_pachek«Невская Косметика» бүгінгі күні Ресей нарығындағы косметиканы өндіруші мықты компаниялардың үштігіне кірген. 2009 жылы компанияға 170 жыл толды. Құрамында алуан түрлі табиғи компоненттердің негізінде өндірілетін косметикалық бұйымдардың 50-ден аса түрі бар. Косметика және адамның өзін күту саласында тез дамып келе жатқан жетекші өндірушілердің бірі болып қала беру үшін үнемі жаңа өнімдерді әзірлеп отырады. Көптеген жаңа өнімдер «Невской Косметики» «тікелей» телефон желісіне (тел.: 8 800 200 20 40) қоңырау соғатын сатып алушылардың пікірлері мен тілектерінің арқасында туындап жатыр. nk11Осындай пікірлерден компанияның мамандары зауыттың өнімдерін ресейліктер не үшін жақсы көретінін біледі, атап айтқанда – жоғары сапасы үшін, салт-дәстүр мен қолжетімді бағаға берілгендігі үшін. Компания үнемі ғылыми зерттеулер жүргізіп отырады, жаңадан ашылған ингредиенттерді пайдаланады, өнімнің сапасы мен оның сыртқы түрін жетілдіріп отырады. Фирманың атауы, ғылыми әлеуеті, белсенді және талантты қызметкерлері мен көптеген ынта-тілегі бар.

_________________4f440bc1293adЕгер косметикалық өнімдерді сатып алушылардан «Невская Косметика» өнімдерінің қайсысы барынша танымал деп сұраса, онда кейбіреуі «Роса» сериясын атайды, көбісі — «Солнышко»,«Цветы любви»«Дивный сад» сабындарын еске түсіреді. Әйелдер дәстүрлі сериялардағы кремдерді мақтайды, жас ата-аналар «Тип-Топ»«Детское»«Ушастый нянь» балалар косметикалық сериясын пайдаланатындарын айтады. Көптеген адамдар Sarma«Обычный порошок»,«Мистер Чистер» тағы да басқа гельдер мен ұнтақтардың көмегімен үйіндегі тазалық пен тәртіпті қадағалайды. Бүкіл ел «Новый Жемчуг» атты танымал тіс пастасын  біледі, оның сан алуан түрлері бар. Зерттеу мәліметтері бойынша осы паста сату көлемі жағынан барынша жарнамаланып жатқан импортты маркалардан басып озады.

«Ушастый нянь»

image_28

«Ушастый нянь» — бірінші күннен бастап баланың күтіміне арналған гипоаллергенді косметикалық серия. Балалардың күтіміне арналған құралдардың оңтайлы желісі. Ол үйде бала бар кезде жетіспей тұратын қажетті сенімділік пен тыныштықты сыйлайды. Бұл отбасының барлық мүшелері үшін маңызды. Неге үйлеріңізде «Ушастый нянь» сериясы бар? Ол айтпаса да түсінікті, өйткені үйде бала бар.

Серияға ең сұранысқа ие өнімдер кірген, сәбидің дүниеге келген сәтінен бастап, оның өсу кезеңінің бәрінде анасының бала терісі мен шашын күтуіне көмектеседі. Кремдер, сусабындар, тазартушы майлықтар, нәрестенің киімдерін жууға арналған құралдар балалар косметикасы үшін дәстүрлі, табиғи компоненттерді пайдалана отырып, заманауи рецептуралардың негізінде әзірленген: қырмызы майы, шабдалы майы, табиғи альфа-бисаболола, итошаған, қауын, шабдалы, грейпфрут және т.б. сығындылары.

КЖҚ «САРМА-АВТОМАТ»

sarma-allАвтоматты кір жуу машиналарына арналған Ресейдегі жалғыз ұнтақ, ол тек жуып қана қоймайды, сонымен қатар кірді зарарсыздандырады. Мақта-мата және синтетикалық маталардан тігілген ақ және ақшыл киімді, сондай-ақ аралас талшықтардан жасалған заттарды жууға арналған.

Құрамында оттегі бар ағартушылардың арнайы жүйесі сіңген дақ пен сарғыштықты тіпті талшықтардың ар жағынан тазалауға мүмкіндік береді. Кір жуылғаннан кейін қосымша нілдеуді қажет етпейді.11886_s2

КЖҚ «САРМА-АВТОМАТ» бактерияға қарсы әрекеті — сіздің отбасыңыз үшін таптырмайтын қорғаныс. Бактериялармен күрес шұңғылшаларды, унитаздарды, едендерді және т.б. тазалау мен жууға арналған құралдардың прерогативі деген пікір бар. Сонымен бірге, киімнен шығатын жағымсыз иіс те бактерия туғызады. КЖҚ «САРМА-АВТОМАТ» Ресейде алғаш рет хлорды пайдаланусыз бактерияға қарсы әсерге кепілдік береді. Осы кір жуу ұнтағы мәскеулік дезинфектология ҒЗИ-да сертификаттаудан өткен, ал оның бактерияға қарсы әсерін Р.Р. Вредена атындағы ҒЗИ растаған. Ғалымдардың қорытындылары бойынша КЖҚ «САРМА-АВТОМАТ» тіпті медициналық аспаптарды өңдеуде рұқсат етілген!2ed44103-0221-11e1-a105-003048678db1

КЖҚ «САРМА-АВТОМАТ» құрамында хлор жоқ екені өте маңызды – киімді сақтап қалу үшін ғана емес, сонымен қатар өз денсаулығымыз үшін де маңызды. Ағартқыш кір жуу ұнтақтарының немесе зарарсыздандыруға арналған тұрмыстық химия құралдарының құрамындағы хлор әдетте тез буланады. Біз өкпемізді құрта отырып, онымен тыныстаймыз, оған қол тигізіп, теріні қатерге тігеміз. КЖҚ «САРМА-АВТОМАТ» ешқандай хлорсыз тамаша ағартады және бактерияға қарсы әсерді қамтамасыз етеді.

сапрофитыСапрофиттерді кетіретін жаңа «Сарма Автомат»— бұл кірді жуу кезінде киімдегі сапрофиттерді (кір кенелері) кетіру нәтижесімен расталған Ресейдегі тұңғыш кір жуу ұнтағы.

Кір жуу ұнтағы шөптен, кофеден, шәйден болған дақтармен және ластанулармен тиімді күреседі, хлорсыз мұқият ағартады, бактерияға қарсы әсерге ие.

«Невская косметика» компаниясы сапрофиттерді кетіретін «Сарма Автомат» кір жуу ұнтағының ағарту мен бактерияларды құртудан басқа, сонымен қатар сапрофиттерді жоятынына дәлел алды. Мұны «Р.Р. Вредена атындағы РНИИТО Росмедтехнология» ФМУ растады.

444_6Қазіргі «Невская Косметика» компаниясының үш қалада өндірістік алаңдары бар: Cанкт-Петербургте, Ангарскіде (Иркутская облысы) және Винницада (Украина) және өнімдерін Ресейде және ТМД елдерінде өткізеді. Фирманың табысы кәсіпорынның тек сапалы ғана емес, сонымен қатар халықтың барлық тобы үшін қолжетімді, жылдар бойы тексерілген өнімдерді шығаруымен түсіндіріледі.

img161Тұрақты өзгерістер, өндіріс технологияларын жетілдіру, сапалы және қолжетімді ресейлік косметика мен тұрмыстық химия тұтынушыларға жетпей жатқан жаңа өнімдерді әзірлеумен айналысатын жұмыс, персоналдың жұмыс жағдайларын жақсартуға бағытталу, өзін-өзі дамыту – бұлар компания өзінің мерейтойын тойлаған және жаңа мерейтой мен жаңа табыстар, мадақтарға қарай алға жүруді жалғастыратын қағидаттар.