«Бумфа Групп»

Без имени

id1232030176_s«Бумфа Групп» ЖШҚ — ашық, заманауи, қарқынды дамып келе жатқан кәсіпорын. Қызметінің негізгі саласы санитарлық-гигиеналық және косметикалық мақсаттағы өнімдерді өндіру және өткізу болып табылады. Бұдан басқа, бұл косметикалық мақта өнімдері өндірісінің толық жиыны бар Ресейдегі жалғыз кәсіпорын.

«Бумфа Групп» ЖШҚ өз қызметін 2001 жылы макулатуралық дәретхана қағазын шығарумен бастады. «Баға/сапаның» тамаша арақатынасының, сауатты қалыптасқан логистика мен тиімді менеджменттің арқасында кәсіпорын қарыштап дамып келеді. Бұдан әрі шығарылатын өнімнің түржиыны кеңейді – 2003 жылы қағаз майлықтармен, ал 2004 жылы қағаз бет орамалдарымен және целлюлозадан жасалған дәретхана қағазымен.

id1231930048_b2005 жылы кәсіпорын нарықта әлі толықтай таныла қоймаған өнім – ылғалды майлықтар өндірісі үшін жабдықтарды сатып алады. Бұл тәуекелді қадам болды, бірақ ол өзін ақтады. Қазір «Бумфа Групп» ЖШҚ ресейлік нарықта өте ауқымды емес ылғалды майлықтардың түржиынын шығарады – гигиеналық, шаруашылық-тұрмыстық, автомобиль күтіміне арналған және мамандандырылған майлықтар. Кейбір ұстанымдар нарықта эксклюзивті болып табылады.

Кәсіпорынның тарихындағы маңызды кезең 2008 жыл болды. 22 сәуірде «Бумажная фабрика» ЖШҚ «Бумфа Групп» ЖШҚ болып атауын өзгертті. Бұдан басқа, Ставрополь қаласында косметикалық мақта өнімінің өндірісі жөніндегі зауыттың құрылысы аяқталды.

kollazh_picnikЗауыт дайын өнім сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ететін заманауи жабдықтармен жабдықталды. Өндіріс жабық үлгідегі заманауи қалдықсыз технологиялық циклдің арқасында экологиялық таза болып табылды. Бүгінгі күні бұл өзіндік косметикалық мақта өнімін өндіру жөніндегі Ресейдегі жалғыз зауыт, әрі бәсекелестер алдындағы үлкен артықшылық болып табылады.

2010 жылы «Бумфа Групп» ЖШҚ ISO 9001:2000; ISO 14001:2004; OHSAS 18001:2007 халықаралық стандарттар талаптарына өндірістік үдерістердің сәйкес келуіне қол жеткізуге бағытталған жұмыс жүргізеді және еуропалық нарыққа шығуды жоспарлайды.

cat_1231747698Сапаны үздіксіз бақылау, технологиялық тәртіпті сақтау, өндірістің барлық кезеңдерінде білікті мамандардың өз білімдерін пайдалануы «Бумфа Групп» ЖШҚНепрерывный контроль качества, ның жоғры сапалы өнімдер шығаруына мүмкіндік береді. Осының арқасында PREMIAL, AMRA, RELUX деген өзіндік сауда маркаларымен шығарылатын өнім тұтынушылардың сенімін жаулап алды. Қазіргі уақытта компанияның өнімдері Ресей Федерациясының барлық өңірлерінде, сондай-ақ Таяу Шетел елдерінде сұранысқа ие.

Адалдық пен сенімділік, бизнесті жүргізу этикасы, іскерлік бедел мен жағымды келбет – бұл «Бумфа Групп» ЖШҚ-мен өзара пайдалы қарым-қатынастар үшін берік іргетас.