«Ступинский Химический Завод»

zavod

Компания туралы

2«Ступинский химический завод» – 1939 жылы құрылған, қарқынды түрде дамып келе жатқан кәсіпорын. Кеңес Одағында кәсіпорын бәріне танымал айқындағыш және фиксаждар – фотохимияның ірі өндірушісі ретінде әйгілі болды. 1998 жылдан бастап тұрмыстық химия тауарларын шығара бастады.

Бүгінгі күні мол тәжірибесі мен озық технологияларына сүйене отырып, кәсіпорын қолжетімді баға мен өзгермейтін жоғары сапаны оңтайлы үйлестіретін тұрмыстық химия тауарларының 130-ден аса атауын шығарды.

 

Сапасы

 

1Ступинский химия зауыты өнімдерінің сапасын Ресей және Мәскеулік тұтынушылардың құқықтарын қорғау қорларының Қоғамдық-сараптау Кеңесі мойындады, бірнеше рет құрмет Дипломдарымен, медальдармен расталды және халықаралық және өңірлік көрмелер конкурсы шеңберінде Бас жүлде алды. «100 лучших товаров России», «Хрустальный Лотос» конкурстарындағы жеңісі – біздің өнім сипаттамаларының жоғары деңгейінің беделді растамасы.

Нарықтың үлесі

Жүргізілген маркетингтік зерттеулер бойынша, «СХЗ» ЖАҚ-ның өнімі өнімдердің түрлі тауарлық топтарында ресейлік тұрмыстық химия нарығы үлесінің 4-6%*-на ие. Ступинский химия зауыты көлемі жалпы 80%*-дан аса көлемді құрайтын тұрмыстық химияның ірі өндірушілерінің* жетілігіне кіреді.

Дистрибуция

sanfor_sanfor_uni_aktiv«СХЗ» ЖАҚ-ның өнімдері Ресейдің 60-тан аса өңірлерінде, сондай-ақ Белоруста, Қазақстанда және басқа да ТМД елдерінде сатылады. Кәсіпорынның алыс шетелдерге де өнімдерді жеткізудің табысты тәжірибесі бар. Жекелеген өңірлерде санды дистрибуция 80%-дан аса мөлшерді құрайды, ал басым сауда маркаларын тану («САНИТА», «SANFOR», «5+») – 40%-дан аса мөлшерді құрайды.

Бәсекелесті артықшылықтары

  • «SANITA»және «SANFOR» құралдарына арналған формуланы ұқсас өнімдер нарығында бар сапалы сипаттамалар зерттеулерін ескере отырып, Тұрмыстық химия институты әзірлеген. Нәтижесінде тазалау қасиеттері бойынша бәсекелесті артықшылықтарына ие болуға мүмкіндік беретін әрбір өнім бойынша жоғары сапалы сипаттамаларға қол жеткізілді.
  • chistin_gel«SANITA»және «SANFOR» сауда маркаларының оңтайлы жарнамалық үстеме бағасы бар, бұл бағаны бәсекелесті ұқсас өнімдерден төмен етіп белгілеуге мүмкіндік береді. Осылайша, өнімдердің сапасы жоғары болған кезде, олар бағада бәсекелесті артықшылықтарға ие болады.
  • Аталған сауда маркаларының желісінде нарықта мүлде бәсекелесті ұқсас өнімдері жоқ және құрамы жағынан бірегей ұстаным бар. Оның ішінде, бұл «SANITAгель» — ас үйдегі қатты ластанулармен шындығында да жеңіл күресетін құрал, және «Ваннаға арналған SANFOR» — бірегей тазалау қасиеттеріне ие, ванналардың кез келген түрлеріне арналған өте қауіпсіз құрал.
  • Басқа да өндірушілерге қарағанда кәсіпорында өндірістің толық жинағы бар – ыдысты өз бетінше өндіруден бастап дайын өнімге дейін, бұл бәсекелесті бағалар белгілеуге мүмкіндік береді.
  • Өнімнің тамаша сыртқы түрі жетекші дизайн-студиялардың арқасында жасалуда. Кәсіпорын көптеген дипломдармен және орам мен жапсырманың халықаралық конкурстарында бас жүлдемен марапатталған.
  • Тиімді маркетингтік және баға саясаты біздің өнімді әрі біздің серіктестеріміз үшін, әрі соңғы сатып алушылар үшін тартымды етеді.